8-қараша күні Халықаралық  72 сағаттық мейкатон “TOM: Aktau” Yessenov University-де бастау алады. Мейкатон-бұл 72 сағат ішінде шеберлер (мейкерлер деп аталатын) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдететін құрылғылардың прототиптерін жасайтын алаң. Алдын ала, мейкерлер командалары өздері жүзеге асыратын жобаларды анықтайды. Мейкатонның өзінде олар техникалық алаңға, сараптауға және мүмкіндігі шектеулі адамдардан кері байланысқа қол жеткізеді.