«Мейірімділік жолы» әлеуметтік жобасы жұмысының басталуына орай дөңгелек үстел өтті

25 сәуір күні Yessenov University-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейірімділік жолы»  әлеуметтік жобасы жұмысының басталуына орай университет  ректоры, проректорлары,  оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы,  факультет декандары мен студенттік еріктілер тобы және Ақтау қалалық үйде әлеуметтік қызмет көрсету Орталығының қызметкерлері қатысқан кең ауқымды дөңгелек үстел өтті.

Отырыста  Yessenov University-дің  ректоры Берік Ахметов  алдағы оқу жылында 1 курс оқу бағдарламасына енгізу жоспарланып отырған «Service Learning – Қоғамға қызмет ету»   пәні туралы  айта келіп, қатысушылардың ой-пікірін тыңдай келе, осы мәселені жан-жақты талқылау үшін қаладағы барлық әлеуметтік ұйым өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастыруды ұсынды.

Сондай-ақ бастау алатын қайырымдылық жобаларының мақсаты  таныстырылды: халықтың әлеуметтік жағдайы төмен санатындағы тұрғындарына қайырымдылық көмек көрсете отырып  жастардың бойында  адамгершілік, ізгілік, қамқорлық  сияқты  құндылықтарды тәрбиелеу,  студенттерді әлеуметтік мәселелерді шешуге араластыру арқылы олардың бойында белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыру, университетте еріктілер қозғалысының дамуына жағдай жасау және қолдау көрсету.