Менің таңдауым – толеранттылық

Yessenov University «Базалық» факультеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Бағдатұлы Міржақыптың ұйымдастыруымен «Менің таңдауым – толеранттылық» тақырыбында студенттермен дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынның негізгі мақсаты- қоғамымыздағы тұрақтылық пен бірлікті іске асырудың аса маңызды факторы екенін атап көрсету.

Дөңгелек үстелде Қазақстан қоғамының полимәдениетті жағдайында әлеуметтік әртекті топтардың тең құқықтарын қамтамасыз ету, барлығын ортақ мүдде аясында жұмылдырып, ұлт қалыптастыру, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау сияқты күрделі мәселелер талқыланды.