Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Тұңғыш Президент күніне арналған «Мен жастар сенемін!» алтыншы патриоттық форумы өтті.

Форумға «Инжиниринг» факультетінің студенті Қуанова Айнұр «Студенттік инновациялық дамуға қосқан үлесім» атты әлеуметтік жобалар байқауына «Smart Cane» жобасын ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша 1-жүлделі орынды жеңіп алып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бір жыл бойы   оқу грантының иегері атанды.

Баймағамбетов Ақжігіт «Мәңгілік ел – мұратым!» Патриоттық ән орындаушылар байқауына өзінің «Туған жер» әнін  ұсынды және «Қоңыр Дауыс» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.