«Мен қалайша өзіңмен мақтанбаймын?!» атты облыстық сайыс өтті

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы директоры Зәуре Айтуарованың ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі мен Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына арналған «Мен қалайша өзіңмен мақтанбаймын?!» атты облыстық сайыс өтті.

Сайыс Наурызға арналған мерекелік құттықтау, Ақтау қаласына арналған презентация, мәнерлеп оқу, мерекелік номер, викториналық сұрақтардан құралған 5 бөлімнен тұрды.

Сайысқа университетімізден «Мұнай және газ» факультетінің «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының 3 курс студенттері қатысып, I орынға иеленді.