Меморандумға қол қойылды

14 мамыр күні Yessenov University басшылығы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы аясындағы, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту міндеттері бойынша Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде іс – сапарда болды.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – оқу және ғылыми-зерттеу салаларындағы  жаңа озық технологиялар мен үздік  тәжірибелерді  алмасу  бағыты бойынша тікелей  ынтымақтастық орнату.

Yessenov University өкілдеріне университеттің бірқатар ғылыми-зерттеу зертханаларымен және материалдық-техникалық базасымен Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университет ректоры Мұстафа Баба таныстырды.

Кездесу барысында университет стратегиялық мақсаттары мен жұмыс жасау принциптері, адам ресурстарын басқару және университеттің тәжірибелерімен алмасты.

Кездесу соңында тараптар арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.