Меморандумға қол қойылды

Yessenov University басшылығы Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасының бас консулдығының және Әзірбайжан Республикасының Білім Министрлігінің қолдауымен Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы аясындағы, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту міндеттері бойынша және университетімізді дамытудағы басымдықтардың бірі болып саналатын халықаралық ынтымақтастық орнату аясында білім беру қызметтерін экспорттау, интернационализацияны дамыту және Yessenov University Каспий маңы елдеріндегі білім беру xабы ретінде дамыту мақсатында Баку қаласында іс-сапарда болды.

Бүгінгі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындары үшін сапалы, әрі динамикалық түрде дамып келе жатқан халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастық орнатуда маңызды бағыт болып табылатындығы анық. Осы орайда Yessenov University делегацияcы Әзірбайжан Республикасындағы Экономика және Құқық саласындағы жетекші жоғарғы оқу орындары Әзірбайжан дипломатиялық академиясы және Әзірбайжан Мемлекеттік Экономикалық университетінде болды. Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастық түйіндерін анықталып, цифрлендіру аясындағы жаңа озық технологиялармен және материалдық-техникалық базасымен танысып, келіссөздер жүргізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Әзірбайжан Мемлекеттік Экономикалық университеті мен Yessenov University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.