«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Инжиниринг» факультетінің «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 2-3 курс студенттері мен топ кураторлары Боранбаева А.Н., Енсегенова Ү.К. ескі қала – Форт Шевченко қаласындағы Т.Г.Шевченко атындағы мемориалдық мұражайы мен Достық мұражайына барды.

Мұндай экскурсияларға бару өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге және мәдени байытуға, сондай – ақ туған өлкенің тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік береді.