Мәңгілік алау

«Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының студенттері Ұлы Жеңіс күніне орай «Мәңгілік алау» монументіне тағзым етіп, Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Жеңіс күніне арнап дайындаған тақырыптық көрмесін тамашалады. Мұрағаттан алынған құнды мәліметтер мен сирек кездесетін суреттер білім алушылардың ерекше қызығушылық тудырды.
Шараның мақсаты: студенттерге Ұлы Жеңістің мән-мағынасы мен маңызын түсінду және олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат пен азаматшаны тәрбиелеу.