М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде іс сапарда

Мемлекет басшысының Жолдауы бойынша цифрлық білім беру ресурстарын, білім беру және зерттеу бағыттарын, жаңа озық технологияларын дамыту, сондай-ақ ынтымақтастық үшін тікелей байланыстар орнату мақсатында Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде жалғастырды. Кездесу барысында университеттің озық технологиялары және үздік тәжірибелерімен танысты. «Химия технологиясы және шикізатты тиімді өңдеу ҒЗИ», «Механика» және «Құрылыс материалдары, құрылыс және архитектура ҒЗИ», «Экология және биотехнология ҒЗИ» және т.б. ғылыми зерттеу зертханаларымен танысып, тәжірибе бөлісті. Сонымен қатар үздік технологиямен жабдықталған «Робот техникасы және мехатроника» зертханасының жұмыс жасау принциптерімен танысты.

Кездесу соңында екі университет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.