Ұлттық валютаға 25 жыл

“Бизнес және құқық” факультетінде “Қаржы” кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлттық валютаның 25 жылдығына орай Қазақстан Республика Ұлттық банкінің  Маңғыстау филиалының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында директор орынбасары А.Ашитов валюта нарығындағы трендтерді және Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының келешегі туралы баяндады. Директор орынбасары Нұрлан Сүгіров Маңғыстау облысындағы “7-20-25” бағдарламасының жүзеге асырудың қазіргі жағдайын мәлімдеді. Кездесу соңында қонақтар “Қазақстанның Ұлттық валютасына 25 жыл” атты коллекциялық монеталарды сыйға тартты.