Латын графикасындағы қазақ жазуы

Маңғыстау облысында Елбасының «Қазақ тілін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын орындау және жаңа әліпбидегі жазу емлесінің Жобасын таныстыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мүшелері «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының бөлім басшысы А.Ықыласқызы 2018 жылдың 25-26 қазаны аралығында облыстың Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандары тұрғындарымен кездесіп, жаңа әліпби ережелерінің жобасын түсіндірді, жаңа әліпбиге көшумен байланысты Республика көлемінде атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.