Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде іс-сапарда

7 ақпан күні Yessenov University басшылығы жоспарланған іс-сапарын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жалғастырды. Yessenov University өкілдері университет басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов оқу орнының тарихымен таныстырып, университет миссиясы, көзқарасы мен жетістіктері туралы баяндады. Одан әрі тараптар екіжақты әріптестікті нығайту және тереңдету жолдарын, оның ішінде бірлескен ғылыми жобалар бойынша жұмыс жүргізу бағыттарын талқылады. Тараптар бұдан әрі техникалық мамандықтардың мамандарын тиісті деңгейде дайындау жолында күш-жігерді біріктіруге және инновациялық әзірлемелерді құру үшін жаңа мүмкіндіктерді жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Өз кезегінде, Yessenov University ректоры Берік Ахметов университет әкімшілігіне қабылдау үшін алғысын білдіріп, басшылық пен департамент деңгейінде ынтымақтастық орнату мүмкіндігін білдірді.