Қостанай қаласында өткен, ересектер мен жастар арасындағы Қазақстан Республика Чемпионатында Yessenov University «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері жүлделі орындарды иемденді. Атап айтар болсақ 1-курс студенті – Султанов Рыскелді 1-орынды, 4-курс студенті – Селбай Өнербек 3-орынды және 1-курс студенті – Сағатов Жалғас 3-орынды иеленді.

Аталған ел біріншілігіне 14 облыс және Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан 300-ден астам спортшы қатысты. Спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!