Кәсіпкерлік білім беру бойынша семинар

Yessenov University-де Каспий Кәсіпкерлік орталығы және үздіксіз білім беру институты ұйымдастыруымен оқытушыларға және студенттерге кәсіпкерлік білім беру бойынша алғашқы семинар болып өтті. Семинарға қатысушылар кәсіпкерлік орталығының жұмысымен, жоспарымен таныстырылды. Сонымен қатар семинарда phD докторы Dababrata Chowdhury «Стартапқа мотивация» тақырыбында диалогтік тренинг өткізді. Тренингте спикер қатысушылар арасында идея туындату бойынша ойындар ойнатып пайдалы ақпаратпен бөлісті.