«Көңілді, тапқырлар, бишілер алаңы»

«Инженерия» факультеті студенттерінің арасында «Көңілді, тапқырлар, бишілер алаңы» атты  ойын сауық шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты факультет құрамына жаңа мамандықтардың енгізілуіне байланысты факультет студенттерін бір-бірімен таныстыру және жақындастыру. Шараға «Инженерия» факультетінің  студенттерінен құралған 4 топ қатысты. Шара жарыс түрінде өткізілді. Жарыс келесі номинациялар бойынша өтті:1. Таныстыру (аты, ұраны, ); 2.Қызықты билеттер ойыны; 3.Көзжұмбақ;4.Крокодил ойыны; 5.Кім жылдам?; 6.Супермэн. Студенттерге баға берген әділ қазылар алқасы құрамында «Инженерия» факультетінің деканы Джумагазиева Ш.К, «Құрылыс  инженерия» кафедрасының профессоры  Сугиров Ж.У, «Компьютерлік инженерия» кафедрасының аға-оқытушысы Балекова А.А, «Машина жасау және көлік»кафедрасының доценті Мадиярова А.С және кафедра меңгерушісі Булекбаева Г.Ж болды. Бұл шарада «Кока-кола» және «Банда» командалары жеңімпаз атанды. Жүлделі  2-ші  орын «Мұнай және газ»  командасына бұйырса, 3-ші орынды «Yessenov team»  командасы иеленді. Шара соңында студенттер құрама командасы флеш-моб көрсетті.