«Шет тілдер» кафедра оқытушылары “The Polyglot” атты интеллектуалдық викторина өткізді. Викторина университетіміздің 4 фвкультетінен тілдік емес мамандықтарының 2-3 курс студенттері арасында кәсіби бағытталған шет тілін меңгеруге арналып өткізілді. Бұл шараның мақсаты студенттердің интеллектуалдық, танымдық және ағылшын тіліндегі коммуникативтік қабілеттерін дамыту. «Құрылыс», «Туризм», «Математика», «Кадастр», «Информациялық ақпарат», «Теңіз техникасы және технологиясы» мамандықтарының студенттерінен 4 команда қатысты.

Студенттер Ұлы Британия елінің тарихы, әдебиеті, мәдениеті және дәстүрлері туралы білімін көрсетті. Қатысушылар сайыстың барлық бөлімінде блсенділік танытып, төмендегідей нәтиже көрсетті.

I. орын – “Victory” командасы (информациялық ақпарат + «Кадастр»)

II. орын – Everest(командасы («Туризм» + «Математика»)

III. орын – Fantastic Five командасы («Құрылыс»)