Yessenov University-де “I Халықаралық Есенов оқулары” бастау алды. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Арын Амангелдіұлы Орсариев, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури, Путра Малайзия университетінің Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің коммуникациялық технологиялар және желі кафедрасының профессоры Мохамед Бин Отман, Yessenov University ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы қатысты.

Есенов оқулары “Рухани жаңғыру” бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру аясында өткізіледі. Студенттер мен жас ғалымдар үшін “Цифрлық Қазақстан: Ақпараттық жүйелер және энергетика”, “Каспий конвенциясы: аймақтың саяси-құқықтық даму үрдістері” және т.б. тақырыптар бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Сонымен қатар университет студенттері үшін “Yessenov University үздік стартап жобасы” байқауы өтеді.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов ситуациялық  орталықты аралап көрді. Оған студенттердің сабаққа қатысымы туралы, олардың үлгерімі туралы барлық ақпарат шығарылады, сондай-ақ оқу орнының барлық ғимараты бойынша орнатылған 400 камераның көмегімен университеттің қауіпсіздігі бойынша жағдай бақыланады.

Сонымен қатар, Yessenov University ректоры Берік Ахметов аймақ басшысына аударылмалы сынып технологиясын таныстырды. Бұл оқу орнының студенттері дәрістерге келмей, барлық сабақтарды Интернеттегі арнайы арнадан көре алады. Дәрістің орнына олар семинарларға қатысып, үй тапсырмаларын тәжірибе жүзінде орындай алады.