«Holiday Inn Aktau» қонақ үйінің бас менеджері Тимур Джебаров пен Yessеnov University ректоры Ахметов Берік өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келіссөздер барысында тараптар туризм және қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті. Осы өзара іс-қимыл шеңберінде “Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі”жаңа дуалды білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті кадрлар дайындалатын болады.

«Holiday Inn Aktau» қонақ үйінің бас менеджері Тимур Джебаров жаңа мамандықты дамыту барысында қажетті қолдау көрсететінін және қол қойылған меморандум аясында мамандандырылған оқу зертханаларын ашу үшін демеушілік жасайтындығын атап өтті.