Хирург Талғат Мұқантаевпен кездесу

14 қыркүйек күні Yessenov University бас ғимаратының Атриум залында #PublicTalk жобасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Құрмет» Орденінің кавалері, дәрігер, хирург Талғат Мұқантаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында келген қонақ өзінің өмірі мен өмірлік тәжірибесі туралы әңгімеледі. Студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу соңында қонақ студенттерге нақыл сөздерін айтып, оқуда сәттілік тіледі.