Elsevier тренингі өтті

Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Elsevier компаниясының Қазақстандағы өкілі Шахислам Дина және Батыс Қазақстан бойынша Elsevier үйлестірушісі Камиева Алмагүл «Elsevier тренингі: ғылыми жұмыс сапасын арттыру» атты ғылыми семинар өткізді. Семинар мақсаты профессорлық-оқытушылық құрамға Scopus деректер базасымен қалай жұмыс жасау керектігі және Scopus деректер базасына кіретін ғылыми журналдарды іздеу туралы толық мәлімет беру.Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.