Yessenov University-де Маңғыстау облысында тұңғыш рет электромобильдерге арналған алғашқы электр қуаттандыру станциясының ашылу салтанатына өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Арын Амангелдіұлы Орсариев, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Раджендра Кумар Пачаури, Путра Малайзия университетінің Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің коммуникациялық технологиялар және желі кафедрасының профессоры Мохамед Бин Отман, Yessenov University ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы, университет оқытушылары мен студенттері және де облыс активі қатысты. Университеттің бас корпусының алдында орнатылған екі станция – Yessenov University ғалымдарымен жасақталған. Олардың толық зарядтау циклі небәрі үш сағатты құрайды. Электромобильдер университеттің ішкі пайдалануы үшін сатып алынған болатын.