«Бизнес және құқық» факультетінде І Халықаралық Есенов оқулар шеңберінде «Экономикалық және құқықтық жүйелерді басқару» секциясы  өз жұмысын жалғастырды. Секция жұмысының барысында  оқытушылар Қазақстандағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық мәселелер туралы баяндамаларды ұсынды.

Баяндамашылардың сөйлеген сөздерін талқылау және талқылау барысында ең маңызды жұмыстар атап өтеліп сертификаттар тапсырылды.