Dababrata Chowdhurry PhD докторының семинары

Yessenov University-де  28 мамыр күні Yessenov Business School директоры, Dr. Dababrata Chowdhury (University of Suffolk, Ұлыбритания) «МВА, цифровые технологии и новые бизнес – модели» тақырыбында семинар өткізді.

Dr. Dababrata Chowdhury IT – технология мен кәсіпкерлік білім беру саласында тәжірибесі  мол. 2010 жылдан бері КБТУ, С. Демирел атындағы университеті сияқты  Қазақстанның ЖОО-мен жұмыс жасап жүр. Семинар барысында келесі оқу жылынан бастап іске қосылатын  MBA бағдарламасы таныстырылды. MBA бағдарламасы бұл табысты мансап пен лайықты жалақы үшін керемет мүмкіндік. Семинарға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Эмир-Ойл» ЖШС, «Казмортрансфлот» ҰК, «Каспий Битум» ЖШС, Назарбаев Интеллектулды Мектеп, «CJ ICM Logistics» ЖШС  және т.б. аймақтық ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты. Қатысушылар Yessenov University қабырғасындағы беделді бизнес білім алуына мүмкіндіктері бар екеніне қызығушылықтарын білдіріп, университет басшылығына алғыстарын айтты.