British Council ұйымдастырған дөңгелек үстел

Алматы қаласында British Council қолдауымен және Ұлыбритания Брунель Университетінің интернационалдандыру саласының маманы доктор Бин Вонгтың қатысуымен Yessenov University халықаралық бөлімі мен British Council-мен бірлесе жүзеге асырып жатқан «Қазақстан университеттерінің интернационализация стратегиясының ішкі бағасы» жобасын қорытындылау мақсатында өткен «Қазақстан университеттеріндегі интернационалдандыру: аймақтардағы табысты тәжірибе» атты дөңгелек үстелі өтті.

Yessenov University атынан халықаралық бөлімнің басшысы Лаула Жумабаева және  осы бөлімнің маманы Санымай Пиржанова университетіміздің интернационалдандырудағы үздік тәжірибесімен бөлісіп, интернационалдандырудың ішкі бағалау құралдарын жасақтау жолдары бойынша тәжірибе алды.