Болашақ псиxологтармен семинар-тренинг

«Педагогика» факультетінің «Педагогикалық технологиялар» кафедрасына қарасты «Педагогика және псиxология» мамандығының 3-курс студенттері Алдабергенова М., Жанадилова А., Абиева А. “Луара” қоғамдық қорымен бірлесе арнайы мектеп оқушылары үшін “Құм терапиясы бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру” семинар-тренингіне  қатысып өз мамандықтарына қажетті ақпараттармен танысты.

Семинар-тренинг мақсаты – болашақ мамандарды өз мамандықтарына қатысты біліктіліктермен қаруландыру.