Біздің жеңімпаздар!

Жұмысшы мамандықтарының “Worldskills Aktau – 2019” кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Компьютерлік ойындар мен мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу құзыреттілігі бойынша Жақсылық Нұржан 3-орынға ие болды дәл осы құзыреттілікте Қызылқұл Жасұлан, Бейне өндірісі құзіреттілігі бойынша Қабылов Жұмабек, Ақпараттық кабельдік желілер құзіреттілігі бойынша Сансызбай Арман медальонға ие болды.