Әбіш Кекілбайұлы оқулары

Университетте Әбіш Кекілбайұлы оқулары сайысы өтті. Сайысқа университеттің барлық мамандықтары бойынша білімалушылар бақтарын сынады. Сайысқа қатысқан 22 білім алушы Әбіш Кекілбайұлы шығармаларынан үзінділерді нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Көркемсөз оқу сайысына қатысушылардың өнерін арнайы комиссия бағалады. Нәтижесінде Дәлубай Әбді-Рахман 1-орынға, Елдесбаев Нұрбақыт 2-орынға, Ибадуллаева Тұрсынай және Есетжанова Шынар 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар университет проректорының бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталды.