16 мамыр күні Дағыстандық делегация Астана қаласынының 20 жылдығы және «Дагестан» этномәдени бірлестігінің 20 жылдығына арналған «Бір шаңырақ астында» іс-шаралар аясында Ақтау қаласына іс-сапарға келіп, Yessenov University-де болды. Yessenov University ректоры Берік Ахметов дағыстандық қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың және екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық түйіндерін анықтау мақсатында сұхбаттасты.

Кездесу барысында Дағыстандық делегация университетті цифрландыру бағыты бойынша жасалынып жатқан, атап айтқанда, «бір терезе» принципі бойынша студенттерге қызмет көрсету орталығының және «теңіз оқу-жаттықтыру орталығы» жұмысымен танысып, ой бөлісті. Сонымен қатар Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасымен танысып, студенттер және ПОҚ өкілдерімен кездесті. Екі елдің ынтымақтастық түйіндері және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ой бөлісті.