Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін, 4 сәуір күні Yessenov University бастамасы бойынша университет басшылығының облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Yessenov University ректоры Берік Ахметов университеттің стратегиялық жоспарларымен танытырып, журналистер қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап берді.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.