«Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының «Достық»  клубының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай “Қазақтың ұлттық тағамдары” тақырыбында шара өтті. Шараға қонақ ретінде “Әлемдік тілдер” кафедрасының оқытушылары Зак Пэтрик Райли және Дальмуханова Феруза шақырылды. Шара барысында кафедра студенттері қонақтарға қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері мен оның дайындалу әдістерімен  үш тілде таныстырды. Презентацияның мақсаты: Наурыз мерекесіне орай қонақтарға қазақ халқының ұлттық дәстүрі мен тағамдарын үш тілде таныстыру, ұлттық мәдениетті құрметтеу.