Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша апталық семинар-кеңес өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Маңғыстау өңірлік сараптама кеңесінің ғалым-хатшысы, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова «Рухани жаңғыру» өңірлік офисі мамандарымен бірге 26 ақпан – 3 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Рухани жаңғыру» Республикалық  орталық офисінде апталық семинарға қатысып қайтты.

Семинар барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру, жоспарлау, апталық кестеге тақырыптар ұсыну, атқарылған жұмыстарды ақпарат көздеріне орналастырудың тиімді әдістері т.б. мәселелер талқыланды. «Рухани жаңғыру» институтының директоры, э.ғ.д., профессор Е.М.Арынмен, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.Ғаббаспен дөңгелек үстел өткізілді. Семинардың соңғы күні, 3 наурызда, ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Ғ.Балаеваның семинар кеңесі өтті.

Б.И.Нұрдәулетова университет тарпынан ұсынып, таныстырған 1 ауқымды шара «Рухани жаңғырудың» апталық іс-шаралар кестесіне  қабылданды және «жаһандағы қазақ мәдениеті» арнайы жоба аясында ұсынылған «Жеті асыл сөз»  жобасы мамандар тарапынан қолдауға ие болды. «Мәдениет» порталының редакторы Б.Қарақыз аталған жобаға ақпараттық демеушілік көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.