Қаржыгерлер өткізген дебат

“Бизнес және құқық” факультетінде “Қаржы” кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында “Еркін өзгермелі валюта бағамы: артықшылықтары мен кемшіліктері” тақырыбында дебат өткізілді. Осындай форматтағы іс-шаралардың өткізілуі студенттердің шешендік қабілеттерін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және өз көзқарасын қорғау  дағдыларын игеруге мүмкіндік береді. Дебатты өткізу барысында студенттер алған теориялық білімдерін қолданды, сондай-ақ олар қандай да бір көзқарасты дәлелдейтін мысалдар мен фактілерді келтірді.