«Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының «Туризм» мамандығының 3 курс студенттері көшпелі дәріске шықты. Тақырыбы: «Территориялық рекреациялық жүйелер».

Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қорығының құрамына кіретін жасанды Қаракөл көлі Қазақстанның Қызыл Кітабына енген түрлі құс қанаттылардың нағыз қонысына айналған орын.

Студенттер көшпелі дәріс кезінде осы табиғи рекреациялық территорияның потенциалы мен мүмкіндіктері жөніндегі мәселеге қатысты сұрақтарды қарастырды. Көшпелі дәрісті «ЭкоМангистау» мекемесінің директоры, аға оқытушы Осин Кирилл Владимирович ұйымдастырған болатын.