Hacettepe Üniversitesi-мен меморандум

Университет басшылары кездесу барысында екі университет арасында Erasmus, Mevlana бағдаламалары бойынша алдағы жұмыстар жоспарланды. Кездесу барысында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, экономикалық, инжинерлік және педагогикалық мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушылар мен қызметкерлерді тағылымдамадан өткізу және халықаралық бағдарламалар аясында жобаларға қатысу сияқты өзекті мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы  меморандумға қол койылды.