Ғалым Серікбол Қондыбайдың 50 жылдық мерейтойына арналған облыстық ғылыми-теориялық конференция өтті

12 сәуірі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ғылым қызметкерлері күніне орай, Yessenov university-де «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен ғалым Серікбол Қондыбайдың  50 жылдық мерейтойына арналған «Серікбол Қондыбай зерттеулері: жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар контексінде» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға өлкетанушы-ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер қатысты.

Конференцияны Yessenov university-нің ғылыми жұмыстар және интернациаландыру проректорының міндетін атқарушысы Ермек Нұрмағанбет құттықтау сөзбен ашты. Мифолог-ғалым Серікбол Қондыбайдың мұрасын зерттеу және жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған конференцияда . Қондыбайдың өмірі мен зерттеулері туралы деректі фильм көрсетіліп, О. Тұржанның «Мифтің түбі ақиқат» атты драмалақ шығармасынан үзінді қойылды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Бибайша Нұрдәулетова «С. Қондыбай зерттеулері туралы көзқарастар мен ғылыми пайымдаулар», өлкетанушы-ғалым Мұрат Ақмырзаев «Серікбол Қондыбай түркілік әлемтануының маңғыстаулық дәйектері», «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Балкенже Ақбердиева «Арғықазақтық мифтік архетипті реконструкциялаудың өзектілігі», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Светлана Еділханова «С.Қондыбайдың ғылыми-зерттеушілік мұрасындағы өлкетану мәселесі» тақырыптарында баяндама жасады.

Аталған конференцияны С. Қондыбайдың апасы Балсұлу Қондыбай қорытындылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Шара соңында Ермек Нұрмағанбет ректор атынан, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Роза Махамбетова партия атынан университетіміздің ғалымдарын алғыс хатпен марапаттады.