Алғыс айту күніне орай мерекелік шаралар өтті

Бүгін университет қабырғасында Алғыс айту күніне орай мерекелік шаралар өтті.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің  ұйымдастыруымен және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелелері  басқармасының қолдауымен  Алғыс айту күні мерекесіне орай «Алғыс бәйтерегі» акциясы өтті. Акция барысында алғыс бәйтерегіне 1000-нан астам студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер өздерінің алғыс стикерлерін жапсырып, алғысын білдірді.

Шараға қатысқан Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов пен университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Гүлсара Джолдасбаева құттықтау сөз сөйлеп, ықылыстарын білдірді.

Сонымен қатар «Мұнай және газ» факультетінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті. Осы шара аясында «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» ЖШС қызметкерлері шақырылды. Сонымен бірге «Экология және химиялық технологиялар» және «Биология және география» кафедраларының ұйымдастыруымен студенттердің арасында Алғыс айту күніне арнап семинар өткізілді.