Каспий Кәсіпкерлік орталығы және үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен оқытушыларға және студенттерге агроөнеркәсіп саласында шағын және орта бизнес бойынша  «Агророст» Ассоциациясының директоры, кәсіби тренер Нұрсәуле Айсағалиқызы Жайынбаевамен кезекті семинар болып өтті. Семинарда «Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту», «Ауыл шаруашылығындағы пилоттық жобалар», «Фермерлік және мал шаруашылығы» және т.б. тақырыптар талқыланды. Сонымен қатар спикер ауыл шаруашылығы бойынша Израиль, Франция, Италия мемлекеттерінің озық тәжірибесімен бөлісті, Маңғыстау облысы бойынша заманауи фермерлік шаруашылығының дамуы жөнінде айтып өтті.