Абай мұрасы қоғамдық сананың жаңғыруы контексінде

5 мамыр күні Yessenov University-де «Абай мұрасы қоғамдық сананың жаңғыруы контексінде» тақырыбында магистранттар мен студенттердің республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті.

Пленарлық мәжілісте республикаға белгілі әдебиеттанушы ғалымдар: проф. А.Пангереев, доц. Н.Алдашев (Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ), проф.Қ.Байтанасова (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ), доц. М.Бекбосынов (Абай атындағы ҚазҰПУ), доц. Ә.Әміренов (С.Торайғыров атындағы ПМУ), философия докторы (PhD) А.Жүндібаева (Шәкәрім атындағы СМУ), проф. Ж.Қобыланов (Ш.Есенов атындағы КМТИУ) қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.
Конференцияның екінші бөлімінде магистранттар мен студенттердің баяндамалары тыңдалды. Үздік ғылыми жұмыстар бағаланып, марапатталатын болады.