Абай әлемі

Yessenov University «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Ә.Д.Қабыловтың ұйымдастыруымен "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығының 3-курс студенттерінің арасында «Абай әлемі» онлайн конкурсы өтті.
Конкурс «Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Өлең – сөздің патшасы», «Адам болам десеңіз» және «Білімдіден шыққан сөз» деп аталатын 4 турдан тұрды.
Әр турдың тапсырмасына қарай, студенттер абайтану бағытындағы сұрақтарға жауап берді, ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды, Абайдың тағылымды өсиет,нақылға айналған ой орамдарын еске түсірді және Абай туралы айтылғанөлеңдер мен танымал ой- пікірлердің авторларын тауып атады. Конкурсты кафедра меңгерушісі А.Н.Отарова қорытындылады. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, дипломдармен марапаттады.