8 сәуір күні Yessenov University ректорының университет студенттерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесу барысында ректор қашықтықтан білім беру технологиялары, сабақ кестесіндегі өзгерістер, онлайн-оқыту әдістері жөнінде толық ақпарат берді.

Студенттер Берік Бақытжанұлына оқу үдерісінің барысына, оқу төлеміне, емтихандық сессияға және т.б. байланысты көптеген сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.