24 сәуір күні Yessenov University ресми Facebook парақшасында ректор Берік Бақытжанұлы Ахметовтың университеттің студенттерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесу барысында қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

1-3 курс білім алушылары үшін емтихан тапсыру түрлері:
1. Жазбаша online емтихан – LMS Univer жүйеcі арқылы жүргізіледі.
2. Ауызша online емтихан – Google Hangouts Meet платформасымен өткізіледі.
3. «Ашық кітаппен» (take-home open book exam) емтиханы LMS Univer жүйеcімен тапсырылады.
Бітіруші курс білім алушылары үшін:
1. Online форматта дипломдық жұмысты (жобаны) және магистрлік диссертацияны қорғауын – Google Hangouts Meet платформасында өткізеді.
2. Кешенді емтихан 4 пән бойынша жетістіктердің суммативті бағасымен қойылады.

Сырттай білім алатын бітіруші курс студенттері, LMS Univer жүйесі арқылы компьютерлік тест тапсырады.
Қашықтықтан оқыту технологияларымен білім алушыларға емтихан 2020 жылдың 22-27 маусым аралығында өткізіледі.
Кездесу барысында қашықтықтан емтихан тапсыруға техникалық мүмкіндіктері бойынша сауалнама жүргізілді. Білім алушылардың 85% техникалық мүмкіндіктерінің жеткіліксіз екендігін белгілеп, емтихандарды аралық бақылаудың негізінде «Жалпы бағалауға» ауыстыру бойынша таңдау жасады.
Университеттің Ғылыми кеңесінде білім алушының өтініші бойынша өткізілетін емтихандарды аралық бақылаудың негізінде «Жалпы бағалауға» ауыстыруға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды.
Жазғы емтихан сессиясын, қорытынды аттестаттауды өткізуге, оқу ақысын төлеуге байланысты барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласыңыз:
Базалық факультеті – 87787046244, akmaral.koishina@yu.edu.kz
Бизнес және құқық факультеті – 87016115657, fatima.salkynbayeva@yu.edu.kz
Инжиниринг факультеті – 87785606957, anar.akkenzheyeva@yu.edu.kz
Педагогика факультеті – 87014291229,  sharapat.abisheva@yu.edu.kz
Теңіз академиясы – 87776301765, bolat.sarsenbayev@yu.edu.kz

Басқа сұрақтар бойынша:
YU есеп бөлімі – 8-778-607-6715, akniyet.zhanggirkhan@yu.edu.kz
Тіркеу бөлімі – 8-702-596-3497, razipa.seitova@yu.edu.kz
Call-center: 788-788