Абай-Верн стипендиялық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен Еуропа Министрлігі және Француз Республикасының сыртқы істер Министрлігінің арасындағы келісім аясында « Абай-Верн » бағдарламасын жүзеге асыру туралы Франция Үкіметі Қазақстан азаматтарына “Абай-Верн” стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақырады.

Осы бағдарлама шеңберінде 100 грант бөлінеді, оның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарындағы екінші жыл білім алып жатқан магистранттар үшін 90 грант және докторанттар үшін 10 грант орыны беріледі.

Абай-Верн стипендиялық бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдау басталды.

Толық ақпарат: https://bolashak.gov.kz/ru/novosti/1305-nachat-priem-dokumentov-na-uchastie-v-stipendialnoj-programme-abaj-vern.html

Хабарландырулар

Yessenov University Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 11.04.2018 күнгі № 145 бұйрығына сәйкес студенттерді академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропа елдеріндегі жоғары оқу орындарында оқыту үшін іріктеу жұмыстарын жүргізеді.

Толық ақпаратты алу және академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға өтініш беру үшін факультеттен тағайындалған үйлестірушісіне (қосымша сұрақтар бойынша халықаралық бөлімге) хабарласу қажет.

ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2008 күнгі № 613 бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына» сәйкес үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері төмендегідей:

  • шет тілін білу деңгейі (шет тілін еркін меңгеру, мүмкіндігінше IELTS немесе TOEFL сертификаттың болуы);
  • білім туралы құжаттың орташа балы (GPA – 3.5-тен жоғары);
  • білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;
  • академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға үміткерлер үшін өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау;
  • мемлекеттік грант шеңберінде білім алушылар.

Факультеттен тағайындалған үйлестірушілер:

  • «Әлеуметтік және гуманитарлық дайындық» – К.Б. Бижанова, факультет деканының орынбасары;
  • «Педагогика» – Ш.С. Абишева, факультет деканының орынбасары;
  • «Экономика және құқық» – Л.О. Садуакасова, факультет деканының орынбасары;
  • «Мұнай және газ» – А.Ш. Аккенжеева, факультет деканының орынбасары;
  • «Көлік және құрылыс» – Г.А. Калиева, факультет деканының орынбасары.

Білім алушылардың өтініш беруінің соңғы мерзімі: 28.05.2018