Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің  № 375 24.07.2017 ж. «Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес жасы 24 дейінгі студенттер Қазақстан Республикасының азаматтары, әскери қызметке денсаулық жағдайы бойынша жарамды әскери даярлыққа тартылады.
Студенттердін әскери дайындыққа өтуге үшін іріктеу комиссиясы олардың ЖОО басшысының атына ұсынылған жеке өтініштері бойынша іріктеу жүргізеді.

Студенттерді іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
• жергілікті басқару органдардың әскерге шақыру комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелері;
• әскери оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін белгіленген дене шынықтыру даярлығы нормативтерді орындау бойынша нәтижелері;
• кәсіби – психологиялық тестілеудің нәтижелері;
• оқу орнындағы студенттің үлгерімінің емтихан тапсыру нәтижелері бойынша айқындалатын GPA орташа баллдары.

Бұл көрсеткіштер іріктеу комиссиясының мәжілісінде қаралады. Іріктеу комиссиясының хаттамасы негізінде әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша студенттерді әскери даярлыққа қабылдауы ЖОО басшысымен жүргізіледі.

Әскери оқу орындарынатүсетін талапкерлер үшінбелгіленген дене дайындығыбойынша бағалау көрсеткіштері:

Тесттердің мазмұныТесттің бағасы
Өте жақсыжақсықанағ.
1.100м  жүгіру (секунд)14,615,616,2
2.3000м  жүгіру (минут)12,4513,1014,10
3.Турникке тартылу (рет)1195