Колледждің аға шебері

Лауазымдық міндеттері: Техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің, өндірістік оқыту сабақтарының кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік жұмыстарын үйлестіреді, нұсқау беру, жеке әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Өндірістік оқытудың мазмұнын, нысанын және әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытудың инновациялық, дамытушылық элементтерін, өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктерін және озық әдістерін практикаға енгізеді және таратады, зерделейді. Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтау жөніндегі жұмыстарын, станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау және жөндеуін ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының кәсіптік қызметін ұйымдастырады. Электрлік жабдықтарды уақытында сынақтан өткізуді, электр тартылымы мен жермен қосудың жай-күйін, шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларындағы, зертханалардағы, цехтардағы техника қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, қажетті есептерді ұсынады. Білім алушылардың өндірістік жұмыстарының орындалу нәтижелерін талдайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңынын және білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, педагогика, психология, физиология, гигиена негіздерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және ұйымдарында жетекші лауазымдағы білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.