Кезекті меморандумдар

Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Электронные платформы” ЖШҚ директоры Дмитрий Владимирович Истомин және Иркутск ұлттық зерттеу техникалық университетінің ректоры Михаил Викторович Корняковпен келісімге қол қойды.
Университеттер арасындағы келісімнің басты мақсаты білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтердегі ынтымақтастық, жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды қамтамасыз ету, ғылыми және білім беру салаларындағы кәсіби байланыстарды нығайту болып табылды.
“Электронные платформы” ЖШҚ-мен қол қойылған келісімде оқу процесіне білім беру технологияларын енгізу, прокторинг қызметтерін алу туралы шарт жасалды. Компания нейротехнологиялар, машиналық оқыту, жасанды интеллект және үлкен деректер, зерттеулерді, коммерцияландыру тәжірибесі, аталған технологияларды онлайн-білім беру саласында қолдануға негізделген күшті ғылыми құзыреттілікке ие.