Халықаралық қатынас

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер Болгария мемлекеті Пловдив қаласының Паисий Хилендарский атындағы және Климента Охридский атындағы София университеттерінде білім алса, магистранттар М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде, Ресей мемлекеті, Астрахань мемлекеттік университеті, Азербайжан мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар, Ресей, Германия, Америка, Болгария, Польша, Түркия, Башкирия, Азербайжан, Өзбекстан, т.б. елдермен қарым-қатынас орнатқан.

«Шет тілдері» кафедрасының доценті Е.А. Феоктистова «Ways of improving EFL Teachers Traning in Kazakhstan» жобасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін Орегон университетінен (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан, «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы С.Х. Юсимбаева Венгрияның Метрополитан университетінен біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Сұрағыңыз болса: