Үздіксіз білім беру институты

Үздіксіз білім беру институты педагогика, арнайы кәсіптік салалары бойынша біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Институттың білім беру бағдарламалары теориялық-ақпараттық білім мен тәжірибені тиімді ұштастыруға бағытталған. Сабақтар интербелсенді дәрістер, семинарлар, семинар-практикумдар, тренингтер, шеберлік дәрістері, дөңгелек үстелдер мен конференциялар т.б. үлгіде ұйымдастырылады.

Институттың мақсаты: Еңбек нарығындағы сұраныс пен оңтүстік аймақтың интеллектуалдық, әлеуметтік-экономикалық даму талаптарына сәйкес жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың, әркімге өзінің білім алуға бағытталған жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен дамыту.

Институттың міндеттері

— Мемлекеттік білім саясатының қағидалары негізінде білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың басым стратегияларын анықтау;

— Педагогтарды ғылыми-теориялық және практикалық білім-біліктермен қаруландыру;

— Нәтижеге бағытталған білім берудің ғылыми-практикалық әдістемесін жасау;

— Аймақтың, облыстың білім беру қызметкерлері біліктілігін арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне кеңінен енгізу;

— Тәжірибелік-алаңдарды және зерттеу жұмыстарын басқару мен ұйымдастыру.

— Озат педагогикалық тәжірибені тарату, педагогтарға әдістемелік нұсқаулар беру.

— Ақпараттық-әдістемелік материалдарды шығару.