Информатика

Мамандықтың сипаттамасы:
Отандық және халықаралық еңбек нарығын сай бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, информатика саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді. «Информатика» мамандығының студенттері 2015-2016 оқу жылында Алматы қаласында Абай атындағы ҚазҰУ өткізілген республикалық пәндік олимпиадасында 1,2 орын иеленіп, 2016-2017 оқу жылында Атырау қаласында өткізілген пәндік олимпиадалардан бас жүлдені иеленді.
«Информатика» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – әр дүниеге байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білуді, оның ақиқатын түсіну, білуге үренеді.
Студенттер бітіргеннен кейін:
• әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруі үшін, тәрбиелеу мен дамыту үшін жағымды жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсете алады;
• білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқу үрдісі мен тәрбиелеуді ұйымдастыру;
• педагогикалық үрдісті жобалау және басқару, педагогикалық әрекеттің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжам жасай алады;
• ғылыми-зерттеу – қолданбалы математика, информатика, педагогика, психология мен оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және өткізуге мүмкіндігі бар;
• ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, қорыту және тарату мүмкіндігі бар;
• мәдени-ағартушылық – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттандыру, мультимедиялық білім беру саласында үйренуші жастардың бос уақытын мәдени ұйымдастыру, ақпраттық қауіпсіздік пен ақпараттық мәдениет саласындағы ағартушылық жұмыстың бағдарламаларын, әдістеме мен технологияларын құрастыра алады;
• өндірістік-технологиялық – ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды қолдану негізінде технологиялық үрдісті ұйымдастыру және басқару мүмкіндігіне ие.
Информатиктер келесі мекемелерде қызмет атқара алады:
– мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, білім беру (педагогикалық бағыты) – информатика пәнінің мұғалімі
– мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары
– ғылым ұйымдары: информатика, қолданбалы математика, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми зерттеу орталықтары
– қолданбалы математика әдістерін және компьютерлік технологияларды пайдаланатын жекеменшіктің әртүрлі формаларындағы ұйымдар информатика және ақпараттық технологиялар саласының маманы.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В011100
Академиялық дәрежесі: Информатика мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика психология негіздері
Профильдік пәні:
Информатика
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Төрт жыл бойы ақырын жүріп, анық басуды үйреткен, ұстаз бола білуді үйреткен, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиелеген университеттегі оқытушыларымызға ыстық ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз үшін біз сізге әрқашан қарыздармыз!

Сембаева Балдаурен

Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Бағдарламалаудан» өткен «Халықаралық студенттік» олимпиадасының сертификатымен марапатталдым




Сарсенбек Ақниет

Сұрағыңыз болса: