Халықаралық қатынастар

Қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және факультеттің ПОҚ-ның халықаралық ынтымақтастығын дамыту мақсатында шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдарда кәсіби даму, қайта даярлау және оқытуға баса назар аударылады. Факультеттің ПОҚ көрші және алыс шет елдерде кәсіби біліктілін жетілдіруде.

2006 жылы «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Бекенжанова «Иран қазақтарының тарихы және мәдениеті» тақырыбында университеттің жобасын жеңіп алып және оны жүзеге асыру барысында Иран Ислам Республикасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2007 ж. «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедра доценті, т.ғ.к., Л.Л. Буянова Томск қаласында (РФ) «Тарих» бағыты бойынша «Общественно-политическая жизнь крестьянства в Западной Сибири в период революции 1917 года» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2013 жылы «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Абланова Э.А. Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы СПбМУ Шығыс факультетінің «Орталық Азия және Кавказ» кафедрасында «Жаңа дәуірдегі Маңғыстау (Манғышлақ) аймағының тарихы» атты тақырыбы бойынша «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2013 жылы «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы Есетова Г.Б. «Әлеуметтану, философия, мәдениеттану, халықаралық қатынастар, саясаттану, дінтану» бағыты бойынша Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінде біліктілік арттыру курсынан өтті.

2013 жылы «Тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Адамбаева Г.М. Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы МУ Шығыстану факультетінің «Түркітану» кафедрасында «Қазақ әдеби тілінің дамуында миссионерлік әдебиеттің ролі» тақырыбында «Болашақ» бағдарламасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2015 жылы «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Абланова Э.А. Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы РҒА-ның Әлеуметтану институтында «Әлеуметтану» мамандығы бойынша «Әлеуметтанудың тарихы, теориясы және әдіснамасы» бағытында «Школа-студия полевого исследователя-качественника» (72 акад. сағ.) және «Статистический анализ данных в социологии» тақырыптарында (72 акад. сағ.) біліктілік арттыру курсынан өтті.

2015 жылы «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасының аға оқытушысы, РФ-ның мәдениеттану кандидаты Мамбетова А.И. Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында РҒА-ның Әлеуметтану институтында «Әлеуметтану» мамандығы бойынша «Әлеуметтанудың тарихы, теориясы және әдіснамасы» бағытында «Школа-студия полевого исследователя-качественника» (72 акад. сағ.) және «Статистический анализ данных в социологии» тақырыптарында (72 акад. сағ.) біліктілік арттыру курсынан өтті.

2016 жылы «Тілдік пәндер» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Кадирова Б.Н. Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы ФГНУ «Білім беруді басқару» Ресей білім академиясында «Білім беру менеджменті» тақырыбында «Болашак» бағдарлама аясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

2016 жылы «Тілдік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Татанова Д.М. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша Португалияда «Заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.